Қазақстанда тұңғыш рет альпинизм және құзға өрмелеу бойынша «Таудағы қос сайыс» турнирі өтеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінің құрама командалары арасында альпинизм мен құзға өрмелеуден «таудағы қос сайыс» бойынша ашық турнир өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталған жарыс екі кезең бойынша өтеді, ол -бөлімшелердің күрделі тау бедерлерін игеру және 1000 метрлік «тік шақырым» биіктіктен ылдиға қарай жүгіру. Бұл орайда, ҚР ҚК әскери қызметшілерінен құралған команда 2013 және 2014 жылдары өткен жарыстарда ТМД өкілдері арасында бірінші орынды иеленді.

«Альпинизммен және құзға өрмелеумен айналысатын қазақстандық әскери қызметшілер нағыз бабында. Әскери қызметшілердің таудағы даярлық деңгейі тау бедерінің техникасын меңгере отырып, әскери қызметшілер арасында альпинизм бойынша дәріс оқитын нұсқаушы-әдіскерлердің саны жылдан-жылға артып келеді. Ағымдағы жылы олардың саны 3,5 есеге өсті», - дейді өткен жылғы жарыстың жеңімпазы, жетекші нұсқаушы лейтенант Василий Пивцов.

Айта кетейік, тау даярлығы жауынгерлік дайындықтың ажырамас бөлігі саналады. Сонымен қатар ол екі бағытқа бөлінеді. Тау даярлығының бірінші бағыты - арнайы альпинистік дайындық. Оның аясында әскерилер тау жоталары мен бедерлеріне өрмелеу техникасын меңгеріп,тау шаңғысы курсын оқиды. Сондай-ақ, көшкінге қарсы тұру дайындығы, таулы аймақта қауіпсіздікті сақтау және аман қалу дағдыларын үйренеді.

Екінші бағыт - таулы аймақта жауынгерлік ұрыс жүргізу дайындығы. Тау даярлығының толық курсынан өткен әскери қызметшілердің арасында нұсқаушылар мектебіне оқуға жіберілетін кандидаттарға іріктеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, тау даярлығы командасы әскери және күштік құрылымдардың барлығына ортақ тау даярлығын ұйымдастыру тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері тау даярлығының нұсқаушыларымен жұмыс және тау егерлерін оқытуда қолданылатын оқу әдістемелік құрал шығарды.

Соңғы жаңалықтар