22:07, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстанда тұңғыш рет «Астана - Щучинск» автобаны арқылы жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 30 мамырда Астана қаласында «Астана - Щучинск» автомобиль трассасында ақы төлеу енгізілуіне арналған жол бойындағы брифинг-көрсетілім өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР ККМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақылы жолдың мән-жайын таныстыру үшін бұл шараға ҚР ККМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, «Қазақстан автожолшылары ассоциациясы» ЗТБ-нің өкілі, «Қазавтожол» АҚ-ның ақылы жолдар департаментінің директоры, «G.E.A.» компаниясының жоба басшысы қатысады деп күтілуде.