Қазақстанда тұңғыш рет «Еурожөндеу» онлайн-реалти шоуы көрсетілмек

АЛМАТЫ. 19 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан көрермендеріне тұңғыш рет отандық «Еурожөндеу» онлайн-реалти шоуы ұсынылмақ.

Қазақстанда тұңғыш рет «Еурожөндеу» онлайн-реалти шоуы көрсетілмек

Басты кейіпкердің өз пәтеріне үш миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жасауға мүмкіндігі бар. Шараны ұйымдастырушылар «Kaspi Bank» АҚ мен «Ауыртпалық орталығы» форумы.

Сонымен осы жылдың 18-29 шілдесі аралығында тапсырыс берген Алматы тұрғындары on-line show-дың басты кейіпкері атануға және өз пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасату жолдамасына ие болуы мүмкін.

1 тамызға дейін басты кейіпкер анықталмақ және ол алты апта көлемінде дизайнер-кеңесшілер, құрылыс бригадасы және интернет пайдаланушылармен бірлесіп өз пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ пәтерін жөндеуден өткізуде 3 миллион теңгеге қол жеткізген жолы болғыш адам күнделік ашып, жұмыс барысындағы қиындықтар мен қуанышты сәттерді жазып отырады.

"Мұндай шаралар тұтынушыларға біздің өнімдер мен қызметтеріміз жөнінде жеткізуге көмектеседі. Реалти-шоуды интернетке шығару себебіміз банктің «Еурожөндеу» жаңа несиесімен байланысты. Бұл тұрғыда қазақстандықтар бір күннің ішінде 3 миллионға дейін несие ала алады. Сондай-ақ осы жоба аясында пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жасағысы келіп жүрген жандарды жөндеу жұмыстарының үрдісімен таныстырып, өз көздерімен көруге мүмкіндік жасау», -дейді аталған банктің басқарма директоры Лариса Пак.