Қазақстанда тұңғыш рет халықаралық "Цирк фестивалі" өтеді

АЛМАТЫ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақ циркінің 40 жылдық мерейтойына орай, шілде айының 24-нен тамыз айының 22-не дейін Қазақстанда бірінші рет халықаралық "Цирк фестивалі" өтеді,

Қазақстанда тұңғыш рет халықаралық "Цирк фестивалі" өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестивальде Қытай, Ресей, Жапония, Беларус, Өзбекстан және өз еліміздің белді цирк әртістері өнер көрсететін болады. Мерей тойдың салтанатына аталмыш елдердің цирк президенттері арнайы қатысады деп күтілуде.

Мерейтойлық бағдарламаның қоюшы - режиссеры - Вилен Головко. Ол цирк бағдарламасын жасаудың ең мықты режиссеры. 1975 жылы цирктің бірінші «Жер ғажайыбы» атты бағдарламасын жасаған. Бағдарлама цирк өнерінің Бүкілодақтық байқауында бірінші орын алған. Ал, қазақстандық цирк Кеңес одағы кезінде 10 жыл бойы ең үздік труппа атанған.