Қазақстанда тұңғыш рет информатикадан халықаралық олимпиада өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика бойынша мектеп оқушыларына арналған XXVII халықаралық олимпиада (IOI-2015) салтанатты түрде ашылды.
None
None

IOI-2015 Қазақстанда алғаш рет өтуде. Олимпиада әр елдерден информатика және ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды мектеп оқушыларын айқындап, қолдауға арналған.

Екі күн ішінде олимпиада қатысушылары алгоритмдік есептерді шешіп, бағдарламалады. Қазақстаннан биыл оған төрт бала қатысуда: Маминов Данияр, Өмірзақ Мейрамбек, Бекболатұлы Бекжан, Алтыбай Назарбек. Олимпиада нәтижелері мен жеңімпаздар есімдері 1 тамызда жарияланады.

Соңғы жаңалықтар