Қазақстанда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқыту орталығы құрылды

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы «Тұран» университетінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқыту орталығының тұсаукесері болды.
None
None

Аталмыш жоғары оқу орынның ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшановтың айтуынша, Қазақстанда 1 млн. 100 мың адам мемлекеттен мүгедектік жәрдемақы алса, жұмыс істеп жүргендердің 11 мыңы осы қатарда екен.

Сонымен қатар ол дүниежүзінде білім ала алмай, қоғам өміріне белсене араласа алмай жүрген ерекше мұқтаж жандарға ақпараттық технология арқылы білім беру, қосымша білім беруіне жағдай жасауда үлкен тәжірибе бар екендігін алға тартады. «Мүгедектердің ішінде «Новель» сыйлығының иегері болған жандар бар. Британия мен Германияда министр боп қызмет атқарып жүргендері де кездеседі. Қарап отырсақ, көптеген мүгедек жандар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмай жатыр, осы тұрғыда университетімізде ақпараттық технология дамып келе жатыр, қазір қашықтықтан оқытуға лицензия алдық. Кеше ғана көзі көрмейтін қабілеті жоғары бір аспирантым кандидаттық дисертация қорғады. Алайда мұндай жандардың білім алуына көптеген кедергілер мен шектеулер бар, осы тұрғыда қашықтықтан оқыту олардың үйінен шықпай-ақ білім алуына жол ашады», -дейді Р.Алшанов.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың маңыздылығы оның қолайлы уақытта, кез келген орында жеке кесте бойынша үйден шықпай білім алуға болатындығы.

Аталған орталық қызметінде ҰБТ мен кешенді тестілеуге даярлау, біліктілікті көтеру және мамандарды қайта даярлау, жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық және жоғары білім сынды негізгі бағыттар жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар