Қазақстанда тұңғыш рет сырқатқа жасанды жүрек қарыншасы имплантацияланды
АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамында сырқатқа жасанды жүрек қарыншасы имплантацияланды.
Жасанды жүрек қарыншасының ғылыми атауы - жүрек қарыншаларына қолдау көрсететін сыртқы құрылғы. Өндіруші - Thoratec корпорациясы, Калифорния, АҚШ, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.