Қазақстанда тұңғыш рет WAP-нұсқада абоненттің дербес шотын басқару мен бақылау жүйесі қолжетімді болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда GSM Қазақстан/Kcell компаниясы Activ абоненттеріне арналған «Абонент қызметінің интернет жүйесі» қызметінің WAP-нұсқасын іске қосқаны туралы мәлімдеме таратты,

Қазақстанда тұңғыш рет WAP-нұсқада абоненттің дербес шотын басқару мен бақылау жүйесі қолжетімді болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның корпоративті коммуникациялар жөніндегі директоры Аида Досаеваның айтуынша, АҚИЖ WAP іске қосылуы Activ абоненттерінің барлығы үшін ағымдағы қызметтер мен тарифтер жайлы ақпаратты алу үдерісін жеңіл, жылдам және ыңғайлы ететін қолайлы механизм. Оның басты артықшылығы жинақылығы мен абоненттерге әрдайым қолжетімділігінде. Абонент өз балансын GPRS қолдайтын мобильді телефонның көмегімен басқара алады. Қызмет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Сонымен бірге барлық ақпарат ақысыз негізде ұсынылып, тек интернет-трафиктің құны ғана төленеді.