Қазақстанда «Тұрақты ауыл шаруашылықтарын құру» бағдарламасы іске қосылды

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін JTI Gallaher компаниясы Вашингтонның Мемлекеттік университетімен (ВМУ) бірлесіп, «Қазақстанда тұрақты ауыл шаруашылықтарын құру» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықтықтың басталғанын мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияға сілтеме жасап. 2009-2010 жылдарға белгіленген бағдарламаның мақсаты - тамақ өнімдерінің өндірісін және өндіріс қаражаттарын ұлғайту арқылы тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту. ВМУ-дің алдын ала зерттеулердің қорытындысы бойынша, Қазақстандағы ірі фермалардың 50 пайызы бөлінген субсидиялар мен өзге де көмектерге қарамастан шығынды болып табылады. Алайда, шаруашылығы кіші фермалар субсидиясыз болса да өнімділігі мен кірісі жоғары. Осы орайда бұлардың проблемалары өндіріске қажетті қаржының жоқтығы мен ескірген технологияларды пайдалану болып отыр. JTI Gallaher компаниясы ынтымақтастық аясында ВМУ-дің аталған проблемаларды шешу мен зерттеу жұмыстары үшін қаражат бөледі. Бағдарлама жер үлесі аз немесе JT International әлемдегі темекі өнімдерін өндірумен айналысатын үшінші деңгейлі Japan Tobacco, Inc. компаниясының құрылымына кіреді. JTI әлемдегі танымал бес түрлі темекінің үшеуін өндіреді: Winston, Mild Seven и Camel. Өзге халықаралық брендтер: Benson & Hedges, Silk Cut, L&D, Sobranie of London, Glamour. JTI кеңсесі Швейцарияда Женева қаласында орналасқан, 2007 жылғы 31 желтоқсанғы қаржы жылының нәтижесі бойынша компанияның таза сату мөлшері 8 USD миллиардты құраған. Компанияда 22 000 қызметкер бар, оның өкілдіктері мен филиалдары әлемнің 60 шақты елінде орналасқан. Өнімдері әлемнің 120 еліне таратылады. Бастапқы назарды бағдарлама 3 бағытқа аудармақ. Олар ? фермалардың өнімділігін, олардың қызметін диверсификациялау және орман шаруашылығының тиімділігін арттыру. Бұл мақсаттарға, өндірістік жүйелердің теңгерімін реттеу, су ресурстарын тиімді қолдану, пестицидтерді қолданудың қауіпсіз технологиясы және түрлену сипатын іріктеу, сондай-ақ генетикалық ресурстарды, энергетикалық және топырақ ресурстарын сақтау арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Орман шаруашылығының жобаларын Қазақстанның қалалық және ауылдық жерлеріндегі ботаникалық бақтармен тығыз ынтымақтастықпен жүзеге асыру көзделуде.Ілкімді жобалар жақын мерзімде Алматы және Жамбыл облыстарында іске қосылды, өзге аймақтарда тұрақты ауыл шаруашылығының ұзақ мерзімдік бағдарламасын алдыңғы кезеңдердің нәтижелері бойынша 2010 жылдан бастап іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, жаздық бидайды өндіру, жылыжайдың жаңа әдісін меңгеру, тұқымдар мен көшеттерді жеткізу, ағаш отырғызу өндірісі және де басқа салаларға қатысты жобалар қолға алынды. Бағдарламаға 10 фермерлік шаруашылық, 6 қосымша шаруашылық, сондай-ақ мектептер мен саябақтар тартылуда. «Қазақстанда ауыл шаруашылығын енгізу шарты АҚШ, Вашингтон штатының аудандарына өте ұқсас. Бұл, бізге аймақтардағы тамақ өнімдеріне деген өсіп отырған қажеттілікке қатысты өзекті мәселені бір мезгілде шеше отырып, Қазақстанда егін егу жүйесін дамыту үшін бірлесіп зерттеулер жүргізуге теңдесі жоқ мүмкіндік береді», - ВМУ халықаралық бағдарламасының директоры, доктор Крис Панккук.
Соңғы жаңалықтар