Қазақстанда тұратын әрбір азамат қазақ тілінде сөйлеуі керек - ҚР Президентінің атына мектеп оқушысынан жолданған хаттан

АНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ -  Астана қаласына орыс тілін білмей бара алмайсыз. Себебі мұнда барлығы орыс тілінде сөйлейді - Елбасы Н.Назарбаевпен қарашаның алдағы 13-і күні болатын тікелей эфирге сұрақтарды қабылдап жатқан www.line.gov.kz сайтына мектеп оқушысынан осындай хат келіп түсті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы М.В.Ломоносов атындағы мектептің 8-ші сынып оқушысы Гүлнәр Төрегелді мемлекеттік тілдің, әрі өзінің ана тілінің бүгінгі жағдайына алаңдаушылығын білдіру үшін, Елбасының атына қарашаның 4-і күні сағат 21.39-да жолдаған хатында: «Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз болғандықтан, Қазақстанда тұратын әрбір азамат осы тілде сөйлеуі керек. Алайда, елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының өте тар екенін сөзге тиек еткім келеді.Тіпті, астанамыз Астана қаласына орыс тілін білмей бара алмайсыз. Себебі,мұнда барлығы орыс тілінде сөйлеседі. Ата Заңымызда:"Орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады" деп жазылғандықтан, біз оларға қазақ тілінде сөйлеңіз деп талап қоя алмаймыз. Келешекте Қазақстан әлем елдерінің ішінде тек экономикалық дамуымен емес, мәдени, рухани байлығымен ерекшеленсе екен деймін. Ал рухани байлығымыздың негізгі көрсеткіші - ана тіліміз. Сондықтан Сізден мемлекеттік тіл мәселесіне көп көңіл бөлуіңізді сұраймын»,  деген.

Соңғы жаңалықтар