14:46, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша он мың пәтерлік 128 үй салынуда
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша он мың пәтерлік 128 үй салынуда.

Бұл туралы бүгін Ақордада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерінің кездесуінде «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева айтты.
Оның атап өтуінше, соңғы 2 жылдың ішінде аталған жүйе бойынша шамамен 4 мың пәтер салынып, пайдалануға берілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 6 мың пәтер пайдалануға берілетін болады. Толықтай алынғанда 2020 жылға дейін тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша 4,5 млн. шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.