Қазақстанда тұрғын үйлерді ПИК орнына ЖШС-лар басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғын үй шаруашылығындағы пәтер иелері кооперативтерін енді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басқарады. Бұл туралы бүгін ТКШ дамыту саласына арналған конференция барысында «Қазақстанның ТКШ Ұлттық палатасы мен құрылысы» ЗТБ басқармасының төрағасы Төлеутай Рахымбеков мәлемдеді.
None
None

«Біз кәсіби, ірі басқарушы компаниялардың институтын енгізуді ұсынып отырмыз. Варшавада 1,5 млн. халық үшін небәрі 18 басқарушы компания бар. Ал бізде Астанада 300-ден астам ПИК бар. Шетелде тұрғын үйлерді басқару кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып табылады және ұйым тұрғындар алдында ғимарат үшін жауап береді», - деді Т.Рахымбеков.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан үшін әлдеқайда қолайлысы - Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер формасындағы компаниялар.

«Заңнама бойынша ЖШС-да бақылаушы кеңес құруға болады. Ол ЖШС атқарушы органдарын бақылаушы орган ретінде әр үйден өкілдерді сайлай алады», - деп атап өтті Т.Рахымбеков.

Соңғы жаңалықтар