Қазақстанда туристік бағдарлар мен музейлердің атласы әзірленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда туристік бағдарлар мен музейлердің атласы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.
None
None

«ІТ- технологияларды пайдалану арқылы туристік бағдарлар мен музейлердің атласын әзірлеу ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде келетін туристер үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Атлас музей экспонаттары мен музейлер туралы ақпарат іздеуді жеңілдетіп, мәдени орындарға келушілердің санын арттырады», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда музей ісінің негізгі мақсаты музей қорларының есепке алу жүйесін құру болып табылады. Бұл тұрғыда музей қызметі саласында заңнаманы жетілдіру, оның ішінде Қазақстандағы музей қорының есепке алу, сақтау және пайдаланудың бірыңғай нұсқауын даярлау шаралары бар.

«Сонымен бірге, музей қорлары Мәліметтердің бірыңғай базасында ескеріліп, ІТ-технологиялар мен инновацияларды тарту арқылы бұдан ары қарай пайдаланылуы үшін цифрлануы тиіс. Жалпы Мәліметтердің бірыңғай базасының болуы іздеу мүмкіндігін кеңейтуге, жеке коллекциялар мен тарихи ескерткіштерді тартуға ықпал етеді»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар