Қазақстанда туризм саласында қызмет көрсету көлемі 2011 жылы 9,1 пайызға ұлғайды - Мұхит Саймасаев

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Туризм саласындағы қызмет көрсету көлемі 2011 жылы жалпы ішкі өнімнің 0,2 пайызын құрады.

Қазақстанда  туризм саласында қызмет көрсету көлемі 2011 жылы 9,1 пайызға ұлғайды - Мұхит Саймасаев

 Оны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаев бүгін Алматыда өткен «Алматы қаласында туризмді дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегі» деген тақырыптағы   алқалы жиында айтты.

«ҚР Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, республикада 2011 жылы туризм саласында  қызмет көрсету алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға ұлғайды. Оның көлемі 1 миллиард теңгеден асып, жалпы ішкі өнімнің 0,2 пайызын құрады. Сондай-ақ 2010 жылмен салыстырғанда сыртқы туризммен келушілер  14,2 пайызға өсіп, 3 миллион  834 мың адамды құрады», - дейді М. Саймасаев. Оның айтуынша, сыртқа шығу туризмі 24,5 пайызға артқан. Республикада 1407 кәсіпорындар  мен жеке кәсіпкерлер келушілерілді орналастырумен айналысты. Ал орналастыру нөмірлерінің саны  37 мың 440. Ондағы бір мезгілде орналастыру орны 81 мың 275 кереует. Мейманханаларды толтырудағы орташа көрсеткіш 23 пайызды құрады.