Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 100 мыңға жуық әйел полицияға жүгінген

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары жиілеген
Фото: Kazinform

2024 жылы ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. ІІМ 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді.

Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы балалы әйел.

— Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру — 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру — 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды, — делінген хабарламада.

зорлық-зомбылық
Инфографика: Үкімет

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде тұрмыстық жалжал кезінде биыл 4 адам көз жұмғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар