Қазақстанда түсік жасату 30 пайызға төмендеді - ҚР ДСМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы бес жылда түсік жасату көлемі 30 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚазАқпараттың сауалына жауап беру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы мәліметтерді келтірді.
«Соңғы бес жылда репродуктивті жастағы 1000 әйелге шаққанда Қазақстанда түсік жасату көрсеткіші 29,3 пайызға төмендеді»,-делінген ведомство мәліметінде. Ведомство деректеріне қарағанда, соңғы бес жылда жасөспірімдер арасында түсік жасату жиілігі екі есеге төмендеді. Сонымен қатар Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының басқарма төрағасы Тамара Вощенкованың сөзіне қарағанда, бұл көрсеткіштің төмендеуі өз кезегінде түсік жасату кезінде ана өлім-жітімінің жойылуына мүмкіндік берді. 10 жыл бұрын түсіктен аналар өлімі себептердің алғашқы үштігінде болса, қазіргі кезде елімізде бұл себеп мүлдем қарастырылмайды. Яғни, бұндай проблемалар өте сирек кездеседі. Осы орайда Т. Ващенкова түсік жасату көлемінің азаюуын бірінші кезекте адамдардың сана сезіміне байланыстырып отыр. Атап айтқанда, адамдар өздерінің денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарай бастады.