Қазақстанда түсірілген үздік фильмдер қандай

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов елімізде түсірілген үздік фильмдер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Аз уақыттың ішінде мемлекеттің қолдауымен 20 анимациялық жоба жарық көрді», - деді Н. Дәуешев министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан 50 киножобаға қаржылық қолдау көрсетілді.

«Тұңғыш рет мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу арқылы әлемге әйгілі «Disney» студиясының «Аватар», «Қара қабылан: Ваканда жасасын!», «Аватар. Су жолы» фильмдері қазақ тіліне аударылып, көрермен назарына ұсынылды. «Ұлы Дала таңы», «Дос-Мұқасан», «Патриоттар уақыты», «Алға», «Схема», «Мұқағали», «1941 жылдың жазы», «Соқыр махаббат», «Хирург», «От», «Өмір», «Адам және алма» фильмдерінің премьералары жарық көрді. Әлемнің 13 елінде Қазақстанның кино күндері ұйымдастырылды», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі Токио халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер», Бразилиядағы «Olhar de Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» атанды, Фархат Шариповтың «Схема» фильмі 72-ші Халықаралық Берлин кинофестивалінде «Дженерейшн» бағдарламасының бас жүлдесін, Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» әлеуметтік драмасы Берлин кинофестивалінің «Панорама» бағдарламасында «Көрермендер көзайымы сыйлығына» ие болды.

«Әмір Байғазиннің «Өмір» фильмі «ОСКАР» сыйлығының «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына ұсынылды», - деді Нұрғиса Дәуешов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі театрларда 300-ден астам жаңа туынды көрермен назарына ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар