Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Министрлік мәліметінше, алдағы уақытта алтын өндіретін «Фаза-2» фабрикасы іске қосылады.

«Аталған кәсіпорын алтын рудаларын қайта өңдеуді жылына 1,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Сәйкесінше, жылына алтын өндірісінің көлемі 13 пайызға артады», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек, отандық «RG Gold» алтын өндіру компаниясы жылына 5 млн тонна руда өндіруге қауқарлы жаңа тау-кен кешенін ашпақ.

«Қазіргі таңда аталған кешенге құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешен биыл күзде пайдалануға беріледі деген жоспар бар», - деп баяндады министрліктен.

Ведомство ақпаратына қарағанда, «RG Gold» компаниясы Райгородок ауылындағы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Кәсіпорынға қажетті мамандар мен жұмысшыларды аталған елді мекеннен тарту көзделген.

Сонымен қатар, министрлік биылғы жарты жылдағы өңдеу өнеркәсібі саласының даму қарқынын баяндады.

Оған сәйкес, 6 айда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артқан.

Оның ішінде рафинатталған мыс, алтын құймалары, күміс түйіршіктері, тазартылған алтын мен күміс, рафинатталған қорғасын және катодты мыс өндіру көлемі өскен.



Фото: baigenews.kz


Соңғы жаңалықтар