Қазақстанда тұтқынға алу саны 25 пайызға азайды - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, тұтқындау саны 25 пайызға төмендеді.
None
None

Бұл туралы бүгін елдің жоғарғы қадағалау органы алқасының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде бас прокурор Асхат Дауылбаев хабарлады.

«Қадағалау қызметінің басты басымдықтарының бірі қылмыстық өндіріске тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып қала береді. Қабылданған шаралар арқылы біз қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылған тұлғалардың санын 21 пайызға қысқарттық. Тұтқындау жиырма бес пайызға азайды. Кепіл қолдану тәжірибесі артты. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 4 есеге өсті. Тұтқындау шарасы басқа бұлтартпау шарасы мүмкін емес болған жағдайларда ғана қолданылады», - деді бас проурор. Оның деректеріне сүйенсек, прокурорлар 989 азаматтың конституциялық құқығын қорғаған, оларға қатысты заңсыз жедел іздестіру шаралары, жария етілмейтін тергеу әрекеттері тыйылды немесе оларды жүргізуге санкциядан бас тартылды.

Соңғы жаңалықтар