Қазақстанда тұтынушылармен Кеден одағы техрегламенттері жобаларын әзірлеу бойынша өңірлік штаб құрылмақ

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұтынушылармен Кеден одағы техникалық регламенттері жобаларын әзірлеу әрі бейімдеу бойынша өңірлік штаб құрылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту шараларына арналған кеңесте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанышев мәлім етті.
None
None

«Кеден одағы аясында бірыңғай қазақстандық ұстанымды қалыптастыру мақсатында тұтынушылармен Кеден одағы техникалық регламенттері жобаларын әзірлеу әрі бейімдеу бойынша өңірлік штабын құруды және салалық органдарда эксперттік кеңестерді жаңартуды ұсынамыз», - деді ол.
Комитет төрағасының атап өтуінше, аталған техникалық регламенттер келіссөздер барысында Қазақстан мүддесін қорғайтын делегацияның қолына түспес бұрын төрт мәрте сараптамалық кеңестің қарауынан өтеді.
Осы орайда ҚР Премьер-Министр Серік Ахметов бұл мәселеге зор жауапкершілікпен қарауды талап етті. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің жұмысы тұрақсыз екендігін де баса айтты. «Ерінбегеннің бәрі де оған қатысады. Бүгін біреуі, ертең басқасы. Сондықтан ұстаным жоғалады. Осыдан біздегі барлық проблемалар туындап отыр әрі келісөсздер процесі түсініксіз жүруде. Қазір біз бөлінген ресурстар аясында жаңа штабтардың штаттық санын айқындайтын боламыз. Олар тұрақты және жедел болуы тиіс», - деді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар