Қазақстанда тыныс демікпесінің алдын алу бойынша онкүндік басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда тыныс демікпесінің алдын алу бойынша онкүндік басталды. Ол 7 мамыр - Дүниежүзілік демікпе күнінде аяқталады, деп хабарлады ұйымдастырушылар - Денсаулық сақтау министрлігінің саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының баспасөз қызметі мен ҚР аллергологтары мен клиникалық иммунологтары қауымдастығы.
None
None

Биыл, аталмыш шара «Сіз демікпені бақылауда ұстай аласыз» атты ұранмен өтуде. Шараның мақсаты - тыныс демікпесіне байланысты мәселелерге қоғам назарын аудару, дәрігерлердің осы дертке қатысты хабардарлығын арттыру және науқастарға дер кезінде көмек көрсету жүйесін жақсарту.

Тыныс демікпесі - кең тараған созылмалы аурулардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде ересек адамдардың 5 пайызы, ал балалардың 5 пайыздан 30 пайызға жуығы осы дерттен зардап шегеді. Демікпенің тарауына сыртқы және ішкі орта әсер етеді. Демікпе тұқым қуалайды. Ең басты аллергендер - үйдегі шаң-тозаң. Сонымен қатар, ұсақ кенелер, үй жануарларының жүні, өңезденген саңырауқұлақтар, тағамдардың кейбір түрі және өсімдіктердің тозаңдары. Бұл жерде алдын алу шараларын дұрыс жүргізу арқасында демікпеге қарсы қолданылатын дәрілерге деген қажеттілікті әдәуір азайтуға болады.

Қазіргі таңда тыныс демікпесінің менеджменті үлкен маңызға ие. Ол бірқатар кезеңдерден тұрады.

Онкүндік барысында еліміздің барлық аймақтарында «дөңгелек үстелдер», конференциялар, семинар-тренингтер өтеді. Оларда аллергологтар, педиаторлар, пульманологтар және басқа да мамандар тыныс демікпесінің алдын алу мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар