Қазақстанда ҮЕҰ-ге грант бөлу процедурасы жеңілдетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлу процедурасы жеңілдетіледі. Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмыс нәтижесіне арналған қоғамдық кеңес отырысында министр Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда ҮЕҰ-ге грант бөлу процедурасы жеңілдетіледі

«Қоғам қалауын ескере отырып, ҮЕҰ-лер үшін гранттар бөлу ережесін қайта қарастырып жатырмыз. Жаңа ереже бойынша гранттарды бөлу процедурасы барынша оңай болады», - деді министр.

Ермекбаевтың айтуынша, жаңа ережеде сарапшылық комиссияны жасақтау тәртібі жеке жазылып, аталған комиссия құрамына кіре алатын сарашылардың тізімі жөніндегі ереже енгізіледі.

«Бұл мүшелер құрамы гранттар тақырыбына сәйкес келуі үшін жасалады», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар ол жаңа ережеге сәйкес гранттар бағытының тізімі, гранттық қаржыландыру операторы қорын жасақтау көздері кеңейтілетін болады.

«Қазіргі уақытта оператор қоры министрлік бюджеті арқылы ғана толықтырыла алады. Болашақта біз әкімдіктер мен басқа да министрліктер операторлардың гранттарына арналған қаржыны тікелей бөле алатын болады деп үміттенеміз», - деді Ермекбаев.

Айта кетерлігі, министр деректеріне сәйкес, ағымдағы жылы гранттық қаржыландыру көлемі үш есеге жуық артып 612,5 млн. теңгеге, ал мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 8,8 млрд. теңгеге дейін жетіп отыр. Биыл гранттық қаржыландыру операторы 47 жоба ұсынды. Оған 183 ұйымнан 320 өтініп түсті.