Қазақстанда украиналық кондитер өнімдерінен бензапирен анықталған жоқ

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда украиналық Roshen кондитер фабрикасының өнімдерінен бензапирен анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Қазақстанда украиналық кондитер өнімдерінен бензапирен анықталған жоқ

«Кедендік келісімдер бойынша қауіпті өнімдер анықталып жатса, онда Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттер 24 сағаттың ішінде ресми ақпарат берулері қажет. Дегенмен, осындай ақпаратты күтіп отырмастан, біз осы өнім түрлері кеңінен таралуы мүмкін екі қалада, Астана мен Алматыда тексеру жұмыстарын жүргіздік», - деп түсіндірді Ж. Бекшин.

Тоқтала кететін жайт, Ресей аумағына украиналық Roshen фабрикасының кондитерлік өнімдерін әкелуге тыйым салынған болатын. Оған себеп аталмыш фабрика тарапынан шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі талапқа жауап бермеген еді.