Қазақстанда үлестік құрылыста кепілдік беру қоры құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үлестік құрылыста кепілдік беру қоры құрылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті.

Қазақстанда үлестік құрылыста кепілдік беру қоры құрылады

«Болашақта үлескерлер үшін проблемалық жағдайларды туындатпас үшін, сондай-ақ үлескерлер қаржысын қорғау тұрғысында бізде үлескерлік құрылыста кепілдік беру Қоры құрылатын болады. Қазіргі кезде үлескерлік құрылыс туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында», - деп тоқталды комитет төрағасы.

Осы орайда ол еліміздегі проблемалы нысандарға тоқталды.

«Ағымдағы жылдың басында құрылысы аяқталмаған 14 нысан (1664 үлескердің қатысуымен) болған еді. Қазіргі кезде екі нысан (490 үлескер) пайдалануға берілді. 1174 үлескердің қатысуымен 12 проблемалы нысан бақылауда тұр. Оның ішінде 11 нысанды 2016 жылы, бір нысанды 2017 жылы аяқтау қарастырылып отыр», - деді М. Жайымбетов.