Қазақстанда ұлттық анимациялық және документалистика студияларын құру жоспарлануда - А.Мұхамедиұлы

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Ұлттық анимациялық студияны және документалистика студиясын құру маңызды бағыт болып отыр», - деп атап өтті А.Мұхамедиұлы министрліктің алқа мәжілісінде.
«Бізбен «Қазақфильм» АҚ-ның әлеуетін біріктіру үшін инвестициялар тарту бойынша және 50/50 орталық қаржыландыру қағидаты бойынша жеке компанияларды оның ішінде шетелдік компанияларды тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұлттық фильмдерді өндіру қазіргі заманның жарқын және үздік үлгілерін, біздің тарихымызды, мәдениет пен мұрамызды танытатын көрнекті тұлғалардың бейнесін нақтылы түрде көрсетуге бағытталған», - деді министр.
Сонымен қатар елімізде «Қазақстан» орталық концерт залының базасында «ҚазақКонцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын құру ұсынылып отыр.
«Бұл астанамызда орындаушылардың жоғары кәсіби пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп түйді сөзін А.Мұхамедиұлы.