Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектерден өтінімдер қабылдау науқаны жүріп жатыр

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Республикада биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардан өтінімдер қабылдау науқаны басталды.

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектерден өтінімдер қабылдау науқаны жүріп жатыр

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп түлектерінен өтінімдерді қабылдау 10 наурыздан бастап 25 сәуірге дейін жалғасатын болады.

Жыл сайын бұл ауқымды шараны Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

Қазіргі кезде  аталған орталықтың барлық филиалдарында ҰБТ-ға өтінім қабылдау мен оны өткізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Бүгінде тестілеу қарсаңында республика бойынша және тестілеуді өткізу орындарында статистикалық мәліметтерді қалыптастыру жұмыстары жасалуда. Осы орайда сәуірдің аяғына қарай қабылданған өтінімдердің нәтижесі аясында «Түлек» атты деректер  базасы жасақталады.