Қазақстанда Ұлттық донорлар күнiн атап өту ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әлеуметтiк мереке - Ұлттық донорлар күнiн тағайындауды ұсынуда. Бұл бастаманы "Алқалы кеңес" корпоративтiк қорының президентi Ермек Ясылов көтеріп отыр.
"Бiз қазiр Ресейдегiдей Донор күнiн атап өтудi жоспарлаудамыз. Бiз де өз елiмiзде осындай мерекенiң болғанын қалаймыз. Оның Халықаралық қан донорлары күнiне еш қатысы жоқ. Бiзге ұлттық донорлар күнi не үшiн қажет?! Бұл мереке осы мәселенi адамдарға тағы да бiр тереңнен түсiндiруге бағытталған болар едi. Мұндай атаулы күндер тек тойлау үшiн ғана емес, адамдарға қан тапсырудың қаншалықты маңызды екенiн түсiндiру үшін қажет. Ол үлкен әлеуметтiк маңызға ие. Әрбiр азаматтың әлеуметтiк борышы", - дедi ол бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейiк, Халықаралық қан донорлары күнi 14 маусымда тойланады. Ал Ресейде Ұлттық донорлар күнi 20 сәуiрде атап өтiледi.