Қазақстанда Ұлттық географиялық қоғамының құрылуы тарихи оқиға - Е.Орынбаев

«Мұндай қоғамды құру идеясы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі. Бұл бастама «Назарбаев университеті» жанындағы корпоративтік қордың беделді географиялық қоғамдастықтарды тартуы арқылы жүзеге асырылуда», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қоғам қазақстандық географиялық қоғамдастықтың үздік ойшылдарын біріктіруге бағытталған. «Ауқымды тәжірибе мен білім синергиясы қоғам мүшелеріне елдің ұлттық қауіпсіздігі мен оның тұрақты дамуы тәуелді экология, геоэкономика, геосаясат салаларындағы жаһандық проблемалар бойынша уақытылы шешім қабылдауына мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Е.Орынбаевтың атап өтуінше, бүгінгі таңда, жаһандану жағдайында Қазақстан алдында географиялық саладағы су қауіпсіздігі, шөлейттену проблемасы, трансшекаралық су проблемасы, экологиялық орта, биоәралуандылық проблемалары сияқты өткір сын-қатерлер тұр.