16:56, 10 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстанда үш балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясынан 114 бала ауруханада емделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Наурыз айынан бастап балалардың коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 257 жағдайы тіркелді. Оның ішінде қазіргі кезде Қазақстан ауруханаларында 114 бала жатыр», - деді ресми өкіл Орталық комунникациялар қызметінде.
Белгілі болғандай, үш жеткіншекте Кавасаки синдромы анықталды. Кавасаки синдромы күретамырларға зақым келтіреді.
«Жыл басынан бері жалпы үш жағдай тіркелді, яғни Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Петропавлда», - деді Б. Қожахметов.
Оның сөзіне қарағанда, балалардың денсаулығы әртүрлі дәрежеде. Елордадағы баланың денсаулық жағдайы тұрақты.
«Бұл өте күрделі синдром. Сәйкесінше, оған ерекше мән берген жөн», - деді ресми өкіл.