Қазақстанда үш ірі фабрика салынса, құс етінің импорты толығымен жабылады - А. Мамытбеков

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда үш ірі құс фабрикасы салынса, құс етінің импорты толығымен жабылады. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті.
None
None

Еске салайық, жиын барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Біз құс шаруашылығында ірі фабрикалардың жұмыс істегенін ынталандыруға тырысуымыз керек. Ал шағын құс фабрикаларымен бәсекелестікке түсу еш мүмкін емес. Айта кетерлігі, қазір Қазақстанда шамамен 100 мың тонна құс еті импортталады. Егер Алматы облысындағы 300 мың тонна құс етін шығаратын ірі фабрика бар екенін ескерсек, сондай үш ірі фабрика тұтастай құс еті импортын жабатын еді», - дейді Асылжан Мамытбеков.

Бұл ретте министр елдегі құс шаруашылықтарын ірілендірудің қажеттігін алға тартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар