Қазақстанда ұшақ жөндейтін Орталық Азиядағы ірі кәсіпорын ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы жалпыұлттық телекөпір барысында өз авиалайнерлері мен басқа да әуе компанияларының ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін «Эйр Астана» авиациялық техникалық орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда ұшақ жөндейтін Орталық Азиядағы ірі кәсіпорын ашылды

«Эйр Астана» Орталық Азияда ірі авиажөндеу кәсіпорнын құру бойынша жобаны жүзеге асырып жатыр. Техникалық қызмет көрсету Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Осы орайда өзіміздің және басқа да компаниялардың ұшақтарына қызмет көрсетеміз. Бұл өз кезегінде Астананың әуе хабы ретінде дамуына елеулі үлес қосады деп санаймыз»,- дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі өтіп жатыр. Шара барысында онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылуда.
null