Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 15 миллионнан асты

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 15 миллионнан асты.
None
None
Осы орайда тығыздық көрсеткіші 100 тұрғынға шаққанда 98 абонентті құрады, бұл телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында бекітілген 100 тұрғынға шаққанда 50 абонент көрсеткішінен асып түседі. Бұл туралы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде таратылған баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Баспасөз баянында агенттік өткен жылы ұялы байланыс операторларымен бірлесіп тарифтерді төмендетуге бағытталған шараларды жүргізгендігі атап көрсетілген. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда елімізде интернетті пайдаланушылар саны да артып отыр. Мәселен, 2007 жылдың қорытындысы бойынша интернетті пайдаланушылардың тығыздығы 100-ге шаққанда 4 адамды құраса, 2008 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 14 адамға жеткен. «Интернет желісіне 7458 мектеп немесе еліміздегі барлық мектептер санының 96,6 пайызы қосылды. Оның ішінде 5845-і ауылдық жерлердегі мектептер», делінген баспасөз баянында.
Соңғы жаңалықтар