Қазақстанда ұзаққа созылған аптап ыстық аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстік аумағындағы ұзаққа созылған аптап ыстық аяқталды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанда ұзаққа созылған аптап ыстық аяқталды

Бұл аптаптың жоғарғы деңгейін кеше алматылықтар сезінді. Ол жерде ыстықтың шегі +39,2ºС-ға жетті, бұл алдыңғы ең жоғары көрсеткіштен 3º ыстық.

Енді демалыс күндері Урал және Батыс Сібірдің солтүстігінен шыққан ылғалды салқын ауа республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарына жетеді. Бұл жерлерде жаңбыр, найзағай, 15-20 м/с жел, шаңды боран мен температураның төмендеуі күтіледі. Тау және таулы аймақтарда қатты нөсер болуы ықтимал.

Алдағы үш күнде атмосферада солтүстік ағымдар сақталады. Сондықтан еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, күннің жылылығы температураның көпжылдық орташа көрсеткішінен 3-6º төмен болмақ.