Қазақстанда вакцинациялауға 11 мың медицина қызметкері тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жаппай вакцинациялауға 11 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда вакцинациялауға 11 мың медицина қызметкері тартылды

«Бүкіл әлем тек вакцинация біздің бәрімізге карантинсіз қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1 184 124 адам бірінші компонентпен және 239 965 екінші компонентпен вакцинацияланды», - деді министр.

Осы орайда А. Цой халықты вакцинациямен барынша қамту үшін қабылданған шаралар туралы мәлім етті.

«Жылжымалы әрі көшпелі егу пункттері іске қосылды. Жаппай вакцинациялауға 11 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды. Вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу бойынша шетелдік компаниялармен арадағы келіссөздер туралы айтты.

Қазіргі кезде , Қазақстанда КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болады.