Қазақстанда валюта айырбастау орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰБ басқармасының №49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда валюта айырбастау орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

Қаулы жобасына сәйкес, ақша айырбастау бекеттерінің жұмыс уақытын қысқарту жоспарланған.

Ол үшін қағиданың 33-тармағы 2-тармақшамен толықтырылады.

«Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктінің) жұмыс режімі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға 10 сағат 00 минуттан 19 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт шегінде дербес анықтайды», делінген құжаит жобасында.