17:22, 06 Тамыз 2019 | GMT +6
Қазақстанда валюта айырбастаушылардан құжат сұрау ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰБ басқармасының №49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаулы жобасына сәйкес, 51-тармақ төмендегідей өзгертілуі мүмкін.
«Әрбір жүргізілген айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналында мыналар көрсетіледі: клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (аты, әкесінің аты толық көрсетіледі), құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі); клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса); клиенттің заңды мекенжайы», делінген құжатта.
Автоматтандырылған айырбастау бекеті үшін бір айырбастау операциясының сомасы 500 000 теңгеден аспауы тиіс.