Қазақстанда вермимәдениетті дамытуды ұсынуда - АДБ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вермимәдениет тек жасыл экономикаға өту жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен бірге қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде де айтарлықтай көмек болмақ.

Қазақстанда вермимәдениетті дамытуды ұсынуда - АДБ

Бұл туралы Астанада АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісі аясында «жасыл экономика әлеуметтік даму және кедейшілікті жою факторы» панельдік сессиясында «жасыл экономика үшін Коалициясының» және G-Global даму басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлімдеді. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Қазақстанда 30 миллиард тоннаға жуық қалдық бар. Қалдықтарды жою бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. «Қазіргі таңда энергияны пайдалану немесе қалдықтардан энергия алуға арналған бірқатар жобалар ұсынылуда. Біз бұл тәжірибені талқылап жатырмыз. Соның бірі - вермимәдениетті пайдалану,-деді Рахымбекова ханым. Оның атап өткеніндей, вермимәдениет АҚШ-та кең тараған, оны фермерлердің 20 пайызы пайдаланады. Осыған орай коалиция төрайымы Қазақстанда да осы тәжірибені енгізу керектігін айтты. Ол: «Қазақстанда өндірістік көлемде осындай жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыс орталықтарында бұл жолды жалғастырушылар бар», -деді. «Біз Коалицияда вермимәдениетті дамыту жағдайларын есептедік, негіздеме жасадық, ниет білдірушілердің пайдалануына болады. Тәжірибені өзіміз ұсынамыз. Сондай-ақ, осы бағытты дамытуға қаржы алу мүмкіндігі де бар, - деп сөзін түйіндеді. Вермимәдениет - арнайы фермаларда жауын құрттарын өсіру. Алғаш рет В. шаруашылығы 40-шы жылдардың соңында АҚШ-та ашылған. Вермимәдениет органикалық қалдықтарды жоюдың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл сондай-ақ Батыс Еуропа елдерінде, Венгрия, Польша сынды Шығыс Еуропа елдерінде, Жапония, Азияның оңтүстік-шығыс елдерінде де кең тараған, деп хабарлайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен.