Қазақстанда ветеринарлық бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ветеринарлық бақылау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесі құрылуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы ветеринарлық қызметті күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ветеринарлық қызмет тиімділігін бағалау қорытындысы аясында Халықаралық эпизоотия бюросының (ХЭБ) ұсынысы негізінде 2019-2021 жылдарға өңірлермен бірлесе Комитет іс-қимыл жоспарын әзірледі. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік заң жобалары аясында бірқатар өзгерістер қарастырылып отыр», - деді А. Өтеғұлов.

Осы орайдағы ұсыныстар ветеринарлық бақылау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесін құруға қатысты болып отыр. Яғни, жергілікті атқарушы органдар мен Мемлекеттік кірістер комитетінен саладағы қызметтерді кері қайтару ескерілген. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың вертикалды ветеринарлық қызметін құру; жануарлар мен өнімді тасымалдауды бақылау үшін мобильдік бекеттерді құру қарастырылып отыр.

Мұнымен қоса ол бруцеллезбен күрес стратегиясы қайта қаралып жатқанын жеткізді. Осы орайда 12 айдан асқан жануарлардың барлығы зерттеумен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар