Қазақстанда Vimeo сайтына салынған тыйым алынып тасталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тегін видеохостинг жүктейтін vimeo.com сайты қайтадан қолжетімді болды. Бұл туралы Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі xабарлады.
None
None

"Vimeo.com интернет-ресурсының әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы материалдарды алып тастағандарын xабарлады. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті басшысының орынбасары Дмитрий Голобурданың сөзіне қарағанда, 14 қазан күні vimeo.com интернет-ресурсы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолжетімді болды", - делінген xабарламада.

Еске сала кетейік, танымал сайтқа радикалды ағымдағы бейнероликтер еніп кеткен болатын. Соған байланысты аталған ресурсқа рұқсат Астанадағы Есіл ауданы сотының 2015 жылғы 7 қыркүйегіндегі №2-3640-15 шешімі бойынша тоқтатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар