Қазақстанда виртуалды музейлер құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпыұлттық тарихи-реконструкциялар клубы құрылады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен өткен жылды қорытындылауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биылғы жылы Мемлекет басшысының «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жалғасатын болады. Олардың аясында бірнеше виртуалды музейлер құру, мұрағаттық деректерді цифрлау, мектептерде өлкетану музейі мен тарихи-археологиялық қозғалыстарды құру жоспарлануда», - деді ол.

Әкім сөзіне қарағанда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстары жүргізіледі. Бозоқ - халықаралық деңгейдегі мәдени, туристік және ғылыми-зерттеу орталығы, сондай-ақ Еуразия аймағындағы археологиялық-этнографиялық зерттеу ғылыми-әдістемелік базасы болады. Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпыұлттық тарихи-реконструкциялар клубын құру және оның негізінде Астана және Қазақстанның өңірлерінде көне сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі тақырыптарында фестиваль өткізіледі.

«Киелі Астана» жобасы аясында тарихи ескерткіштерді зерттеу үшін 4 археологиялық ескерткіш аумағында ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, имидждік өнімдер шығарылады. Мұның барлығы елордадағы туризмнің іскерлік келбетін дамытып ғана қоймай, сонымен бірге тарихи-мәдени әлеуетін арттырады», - деді Бақыт Сұлтанов.
null

Соңғы жаңалықтар