Қазақстанда волонтерлердің ұлттық жүйесін қалыптасыру жоспарланып отыр - БҰҰ еріктілер бағдарламасы

АСТАНА. Желтоқсанның 5-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Еріктілердің халықаралық күні аясында «Волонтерлер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараның басты мақсаты  - ел аймақтарындағы волонтерлер ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды орнатып, БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасына жаңа үміткерлерді іріктеу. Бүгінгі жәрмеңке аясында осы саладағы БҰҰ-ның жобалары таныстырылып, Қазақстандағы волонтерлік ұйымдардың ұлттық жүйесін қалыптастыру мәселесіне арналған семинарды өткізу жоспарланып отыр. «Шыны керек, қазіргі кезде Қазақстандағы волонтерлердің нақты саны белгісіз. Олардың қызмет ету аясы мен шоғырланған саласы туралы нақты ақпарат жоқ. Оған қоса, волонтерлік ұйымдардың басым бөлігі өз әріптестері туралы білмей жатады. Сондықтан біз волонтерлердің ұлттық жүйесін қалыптастыру арқылы Қазақстандағы еріктілердің қызметін реттеп отыруды көздеп отырмыз», - дейді БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Агни Балжинням.

Айта кетейік, еріктілердің биылғы Халықаралық күні мерекесі «Волонтерлер біздің жаһанымыз үшін!» ұранымен өтіп, оның аясында экологиялық мәселелерге ерекше басымдық берілуде. Басты мақсат - ағымдағы жылы желтоқсан айында өтетін Копенгагендегі кеңесте жаһандық экологиялық келісімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар