Қазақстанда WWF қолдауымен «Жер сағаты» акциясы өтеді

2017 жылдың 25 наурызында Қазақстанда Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), G-Global халықаралық хатшылығының және «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясының қамқорлығымен, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жер сағаты» атты жыл сайынғы акциясы өтеді. Іс-шараның мақсаты - ғаламшардың болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде әлем халқын жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақыру», - делінген «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
«Жер сағаты 2017» ұраны «Ғаламшарды емес, өзіңді өзгерт». Акция аясында Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры адам табиғатқа қалай әсер ететіні және осы әсер етудің салдары қандай болатыны жайында айтып береді.
«Біз ғаламшарға шамадан тыс жоғары жүктемені артамыз. Бүгінгі таңда адамзат ұдайы жаңғыруы үшін осындай Жер сияқты 1,6 ғаламшар қажет болатындай қорларды пайдаланады. Жер сағаты аясында WWF әркімді өзінің әдеттеріне және тұтынушылық ізеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады», дейді Ресей WWF Орталық-Азия бағдарламасының директоры Екатерина Воробьева.
Таяу күндері Қазақстанда Жер сағатының сайтын іске қосу туралы ақпарат жарияланатын болады. Онда акцияға қалай қатысуға болатыны туралы толық ақпарат орналастырылады. Анықтамалық ақпаратты және ғаламшарға әсерді қалай төмендетуге болатыны жайында кеңестерді қазірдің өзінде «Жер сағатының» орыс тіліндегі сайтынан алуға болады: wwf.ru/60.
«Экологияның мәселелері туралы бәрі біледі, бірақ бұл білім барынша тар ұғымда және адамдардың мінез-құлқы мен өмір сүру салтын өзгертпейді. Егер адамзат экономиканы экологиялық негізде қайта құрмаса, онда 2030 жылға қарай өнеркәсіп пен қалалар мен кенттердің үлкеюіненң табиғатқа түсіретін үдемелі салмағын көтеру үшін біздікіндей тағы екі ғаламшар қажет болады», дейді «Жасыл экономика» және G-Global дамыту Коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова.