Қазақстанда ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы институт ашылуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы институт ашылуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан ғалымдарының форумында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Елбасына ұсыныс жасады.

«Сіздің саяси даналығыңыз бен көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан ядролық әлеуетінен бас тартқан әлемдегі тұңғыш ел болды. Сол себепті Қазақстанда ядролық қауіпсіздік жөніндегі бірінші институтты ашу қисынды болмақ. Бұл ұсыныс қабылданған жағдайда оған БҰҰ институты мәртебесін беруге болады»,- деді Бақытжан Тұрсынұлы. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемнің 13 мемлекетіндегі 15 институтта адамзаттың ғаламдық мәселелерін зерттеу жүргізілуде. Бұл мемлекеттердің қатарына енді Қазақстан да қосыла алады.

Соңғы жаңалықтар
telegram