Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда заңсыз айналымнан 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру шараларын өткізді.

Қазақстанда заңсыз айналымнан 31 қару мен 278 оқ-дәрі тәркіленді
Фото: ҰҚК

Ведомство мәліметінше, биыл шілде айында Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 8 өңірінде жүргізілген іс-шаралар барысында 31 бірлік қару тәркіленген.

Тәркіленгендердің қатарында 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 дана оқ-дәрі бар.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК заңсыз қару айналымына қарсы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қапқа жасырылған қару-жарақ табылғанын хабарлаған едік.