Қазақстанда заңсыз байыған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылады -О.Бектенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) Қазақстанда қызметтерін өз мүдделері үшін пайдаланған шенеуніктерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында Қаржы полициясы ақпараттық-сараптамалық департамент басшысы Олжас Бектенов айтты.

«Біз заңды еңбекақысының сыртында белгісіз жолдармен пайда тауып, есепсіз байып отырған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынысын қолдап отырмыз. Сондай-ақ, қызметтік өкілеттілігін теріс бағытта қолданып, яғни заңсыз әрекеттерді бүркемелеуі де қылмысқа жатқызылады», - деді О.Бектенов. Оның айтуынша, бұл ұсыныстар Қаржы полициясының жаңадан құрастырылып жатқан жемқорлыққа қарсы стратегиясында қарастырылған. «Біздің ойымызша, мұндай қадамдар еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті жандандырып, отандық заңнаманың жемқорлыққа қарсы әлеуетін едәуір күшейте түспек», - деп атап өтті департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар