Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттарының саны азаймай тұр - А. Сарбасов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға келген заңсыз еңбек мигранттарының саны азаятын емес. Бұл туралы бүгін Астанада көші-қон мәселесіне арналған дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмәди Сарбасов мәлім етті.

Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттарының саны азаймай тұр - А. Сарбасов

Оның сөзіне қарағанда, заңсыз еңбек мигранттары еңбек шартынсыз жұмыс істей отырып, төмен жалақы алады. Бұл Қазақстанның еңбек нарығында теріс бәсекелестікті тудырады.

«Қабылданған шараларға қарамастан, тіркелмеген шетел мигранттарының саны, оның ішінде жеке адамдарда жұмыс істеп жүргендер азаймай тұр»,-деп тоқталды А. Сарбасов.

Оның айтуынша, 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жасырын мигранттарды анықтау деңгейінде өсім бар. Осы орайда 100 мыңнан астам заңбұзушылар белгілі болды.

Ал сарапшылардың пайымынша, орта мерзімді перспективада сыртқы еңбек көші-қоңының ары қарай өсімі орын алуы ықтимал.