Қазақстанда жалақыны өндіріп алуға байланысты проблемалар жоқ - Б. Әбдірайым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жалақыны өндіріп алуға байланысты проблемалар жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым мәлім етті.
None
None

«Қазақстанда жалақыны өндіріп алуға байланысты проблемалар жоқ деп айта аламыз. Егер олар кәсіпорынның банкротқа ұшырауымен немесе өндірістік қызметке қатысты туындап жатса, онда әділеттің аумақтық органдары прокуратура органдарымен, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе бұл мәселені жедел шешіп жүр», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс берушілерден қызметкер үшін еңбекақыны өндіріп алу жағдайы Әділет министрінің бақылауында тұр. Осы орайда апта сайын тиісті мониторинг жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар