Қазақстанда жалға берілетін баспана бағытында Тұрғын үй құрылыс корпорациясы құрылды

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда жалға берілетін баспана құрылысын дамыту үшін Тұрғын үй құрылыс корпорациясы құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Өңірлік даму министрлігінің тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Кенжеболат Мыңбаев хабарлады.

Қазақстанда жалға берілетін баспана бағытында Тұрғын үй құрылыс корпорациясы құрылды

«Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту аясында Қазақстандық ипотекалық компаниясының желісі бойынша жылына 530 мың шаршы метрге дейін салу жоспарланып отыр. Осы тетікті жүзеге асыру үшін тұрғын үй құрылысы корпорациясын құру қарастырылды. Ол өз кезегінде үздік құрылыс компанияларымен және құрылыс индустриясының кәсіпорындарымен ынтымақтасып, жұмыс істейтін болады»,-деді К. Мыңбаев.