Қазақстанда жалға берілетін үй жарты жылда 20-30 пайызға арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда қозғалмайтын мүліктің арендалық ставкасы жарты жыл ішінде 20-30 пайызға төмендеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Елена Грива хабарлады.
«Нарықта жалға берушілер және үйін сатудан гөрі арендаға ұсынатындар қатары артып отырғандықтан жарты жыл ішінде аталған бағыттағы ставкалар 20-30 пайызға азайды. Жалға берушілер жалға алушы ұзақ мерзімге келісім жасасқан жағдайда да бағаны төмендетеді», - деді Елена Грива.
Оның айтуынша, жаздың үш айында тұрғын үй бағасы өзгерген жоқ. Алматыда қыркүйек айында тамыз айымен орташа баға 1,7 пайызға өсті. Ал Астанада 0,8 пайызға көтерілген.