07:56, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстанда жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады - И.Меркель
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады. «КТК» телеарнасында «Халық қызметшісі» бағдарламасының қонағы болған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай деді.

«Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексімен жұмыс істеу аясында біз жалған куәгерлік үшін де жазаны қатаңдаттық. Жалған куәгерлік үшін 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұлай болмаған жағдайда тергеу мен сот институттары дұрыс жұмыс істей алмайды, әртүрлі проблемалар орын алады. Бүгін бір жауап беріп, ертең оны өзгертіп шыға келеді, ал бұл үшін ешқандай жауапкершілік жоқ», - деді И.Меркель.